Мәлімет
Мәлімет

2022 жылғы желтоқсанда ҚР Үкіметінің Қаулысымен өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Абай облысының бюджетіне 2,0 млрд. теңге бөлінді.
2022 жылдың соңында Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары 8 атауынан тұратын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекітті, оған сәйкес белгіленген бағаны белгілей отырып, форвардты қолдана отырып өнімді сатып алу жүзеге асырылды және жалпы сомасы 1,3 млрд.теңгеге азық-түлік тауарларын өндірушілермен форвардтық шарттар жасалды.
